Түрік сериалдары арқылы көпшілікке танылған актриса 35 жасында көз жұмды

/
Түрік сериалдары арқылы көпшілікке танылған актриса 35 жасында көз жұмды
instagram.com/irtemece

Бүгін, 15 маусымда, түрік актрисасы, "Клюквенный щербет" сериалының жұлдызы Эдже Иртемнің қайтыс болғаны белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Haber7 басылымының хабарлауынша, танымал актриса бүгін таңертең өз үйінде көз жұмған. Алдын ала мәлімет бойынша, оның өліміне жүрек талмасы себеп болуы мүмкін. Қайғылы жағдайға қатысты басқа мәліметтер әзірге айтылған жоқ.

Актриса небәрі 35 жаста болған. Айта кетейік, Эдже Иртем бір күн бұрын туған күнін атап өткен.

Иртем 1991 жылы 14 маусымда Түркияның Сивас қаласында дүниеге келген. 2014 жылы опера вокалы факультетін үздік тәмамдаған. Кейін Стамбулға көшіп, Садри Алышик атындағы мәдениет орталығында актерлік шеберлік бойынша білім алған.

Өнер жолында актриса бірқатар түрік телехикаяларына түсті. Олардың қатарында "Новая невеста", "Мистер Ошибка", "Запретный плод", "Ящерица" және "Это моя жизнь" сериалдары бар.

Көрермендер оны әсіресе Түркиядағы рейтингі жоғары телехикаялардың бірі саналатын "Клюквенный щербет" сериалындағы Ишил рөлі арқылы жақсы таныды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар