Түркияда S-70 тікұшағы апатқа ұшырап, төрт әскери қызметкер қаза тапты

/
Түркияда S-70 тікұшағы апатқа ұшырап, төрт әскери қызметкер қаза тапты
Фото: DHA

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Малатья провинциясында 12 қарашада S-70 әскери тікұшағы апатқа ұшырап, борттағы төрт әскери қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«S-70 тікұшағы әзірге белгісіз себеппен Малатья провинциясында апатқа ұшырады. Борттағы төрт әскери қызметкеріміз қаза тапты», – деп хабарлады Түркия Қорғаныс министрлігі.

TRT Haberler телеарнасының мәліметінше, тікұшақ Түркия Әуе күштері қолбасшылығының базасына жақын маңда құлаған. Апаттан кейін жарылыс болған. Оқиға орнына жақын жерде тұрғын үйлер орналаспаған.

S-70 (Sikorsky S-70, Black Hawk) – Түркия армиясының қару-жарағында тұрған көп мақсатты тікұшақ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары