«3 баланың анасы»: Қарағанды облысында із-түзсіз жоғалып кеткен әйел өлі табылды

/
«3 баланың анасы»: Қарағанды облысында із-түзсіз жоғалып кеткен әйел өлі табылды

Қарағанды облысында 20 қыркүйектен бері іздестіріліп жатқан 38 жастағы Теміртау тұрғыны Ирина Керннің мәйіті табылды. Үш баланың анасының өліміне қатысты 40 жастағы ер адам күдікке ілінді, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Еkaraganda.kz-ке сілтеме жасап.

Әйелді іздестіру жұмысы екі айға жуық уақытқа созылған. Іздеуге мемлекеттік қызмет өкілдері мен еріктілер жұмылдырылып, түрлі аумақтар тексерілген.

13 қарашада жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер Ирина Керннің мәйітін Теміртау қаласынан 22 шақырым жерден тапты. Мәйітті қарау барысында зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері анықталған.

Полиция мәліметінше, қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті шараларды жүргізіп жатыр. Тергеу барысы Қарағанды облысы Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауына алынды.

Әйелдің өліміне не себеп болғаны және қылмыстың ықтимал себептері тергеу барысында анықталады.

Еске салайық, бұған дейінгі мәлімет бойынша, Ирина Кернді соңғы рет 20 қыркүйекте таңғы сағат 06:00 шамасында көрген. Ол Теміртау қаласындағы Энергетиктер көшесі, 9 мекенжайындағы үйінен шығып, белгісіз бағытқа кеткен.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары