Непалда жолаушылар автобусы тау жолынан құлап, 10 адам қаза тапты

/
Непалда жолаушылар автобусы тау жолынан құлап, 10 адам қаза тапты
istockphoto.com

Непалдың орталық бөлігінде жолаушылар шағын автобусы тау жолынан шығып кетіп, салдарынан кемінде 10 адам қаза тапты. Тағы бес адам жарақат алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Yakima Herald-Republic басылымының хабарлауынша, жол апаты жергілікті уақыт бойынша сағат 06:10 шамасында болған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, микроавтобус астанасы Катмандудан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 60 шақырым жердегі Бхимпхеди ауылының маңында тау жолынан шығып, шамамен 700 метр төмен қарай құлаған. Көлік тау баурайында тоқтаған.

Жақын маңдағы полиция бөлімшесінің қызметкерлері аман қалғандарды ауруханаға жеткізген.

Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары