Қырғызстан президенттігіне 11 адам үміткер болып отыр

/
Қырғызстан президенттігіне 11 адам үміткер болып отыр
Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы

Қырғызстанда алдағы президент сайлауына қатысуға ниетті кандидаттарды ұсыну мерзімі аяқталды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, президенттік сайлауға 11 адам үміткер болып отыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Олардың қатарында:

Садыр Жапаров (қазіргі президент);

Аймен Касенов (кәсіпкер);

Азамат Эсенбеков (кәсіпкер);

Сыймык Жапыкеев (Қаржы полициясының бұрынғы басшысы);

Акай Кыдыров (кәсіпкер);

Исхак Масалиев (Жогорку Кенештің бұрынғы депутаты);

Бактыбек Калмаматов (Жогорку Кенештің бұрынғы депутаты);

Бакытбек Адылов (Мемлекеттік көші-қон қызметінің бұрынғы төрағасы);

Амур Айба Медер («БОйл» ЖШҚ директоры);

Мамбетжунус Абылов (Орталық сайлау комиссиясы мен Төтенше жағдайлар министрлігінің бұрынғы басшысы);

Клара Сооронкулова (Жоғарғы соттың Конституциялық палатасының бұрынғы судьясы).

Кандидаттарды қолдау мақсатында сайлаушылардың электронды қолдарын жинау 2026 жылғы 7 желтоқсанға дейін жалғасады. Заңнамаға сәйкес, тіркеуден өту үшін әрбір үміткер кемінде 30 мың сайлаушының қолын жинауы тиіс.

Президенттікке кандидаттарды тіркеуге қажетті құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Үміткерлер мен олардың уәкілетті өкілдері жетіспейтін құжаттарды белгіленген тәртіппен ұсына алады.

Ел президенттігіне кандидаттарды тіркеу 2026 жылғы 23 желтоқсанға дейін жүргізіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары