Әлем чемпионатының ашылуы кезінде стадион маңында жанкүйер қайтыс болды

/
Әлем чемпионатының ашылуы кезінде стадион маңында жанкүйер қайтыс болды
видеодан скриншот

Мексикада футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанаты кезінде қайғылы оқиға болды. БАҚ мәліметінше, стадион маңында жанкүйерлердің бірі қайтыс болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желілерде дәрігерлердің ес-түссіз жатқан ер адамға алғашқы көмек көрсетіп жатқан видеосы тарады. Алайда мамандар оның өмірін сақтап қала алмаған.

Minuto60.com басылымының жазуынша, көз жұмған азамат Германиядан келген. Ол стадионға бара жатқан кезде өзін нашар сезінген. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері шақырылып, ер адам медициналық орталыққа жеткізілген. Кейін оның қайтыс болғаны расталды.

Алғашқы ақпараттарда марқұмның жасына қатысты әртүрлі мәлімет айтылған. Дегенмен жергілікті БАҚ пен билік өкілдері оның 2026 жылғы әлем чемпионатының ашылу салтанатына қатысу үшін Мексикаға арнайы келген Германия азаматы екенін растаған. Қайтыс болған жанкүйердің жеке басы әзірге жарияланған жоқ.

Әлеуметтік желіде ер адамның 80 жастан асқаны туралы да ақпарат тарады. Алайда бұл мәлімет ресми түрде нақтыланбаған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар