Түркияда жолаушылар автобусы аударылып, 3 адам қаза тапты

/
Түркияда жолаушылар автобусы аударылып, 3 адам қаза тапты
видеодан скриншот

Түркияның Балыкесыр қаласында жолаушылар автобусы аударылып, жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты, тағы 31 адам түрлі жарақат алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Oxu.Az порталының мәліметінше, жол-көлік оқиғасы жүргізушінің басқаруды жоғалтуынан болған. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары, құтқарушылар мен полиция қызметкерлері жұмылдырылған.

Жарақат алғандар жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді, олардың бірінің жағдайы ауыр деп бағалануда.

Аталған факті бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар