БҚО-да жарысқа барудан бас тартқан оқушыны ұрған бапкер сотталды

/
БҚО-да жарысқа барудан бас тартқан оқушыны ұрған бапкер сотталды
pexels.com

Батыс Қазақстан облысында волейбол жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін ұрып-соққаны үшін сотталды. Жасөспірімнің жарысқа қатысудан бас тартуы жанжалға себеп болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, Ақжайық ауданының №2 сотында кәмелетке толмаған баланың денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сот материалдарына сәйкес, волейбол бапкері шәкіртінен алдағы жарысқа қатысатынын сұраған. Алайда жасөспірім жарысқа бармайтынын айтқан.

Оқушының жауабына ашуланған жаттықтырушы оған күш қолданған. Атап айтқанда, ер адам жасөспірімнің бетінен екі рет ұрып, кейін кеуде тұсынан аяқпен тепкен. Соққының әсерінен бала артқа қарай шегініп, басын бөлменің қабырғасына соғып алған. Оқиғадан кейін жасөспірім денесінің ауырып тұрғанын ата-анасына айтып, медициналық көмекке жүгінген.

Сот іс бойынша жиналған дәлелдемелерді зерттеп, жаттықтырушының кінәсі дәлелденді деген қорытындыға келді. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-1-бабы 2-бөлігінің 8-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Сот істің мән-жайын ескере отырып, бапкерге бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасынтағайындады. Үкім заңды күшіне енді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары