Астанада той жасамақ болған 10 адам сан соғып қалды

/
Астанада той жасамақ болған 10 адам сан соғып қалды
pixabay.com

Астанада той ұйымдастыру үшін дәмханаға алдын ала төлем жасаған 10 адам алаяқтың құрбаны болды. Күдікті ретінде қоғамдық тамақтану орнында жұмыс істеген 24 жастағы азамат ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті елордадағы дәмханалардың бірінде жұмыс істеген.

Тергеу барысында оның мекеме әкімшісі болмаған сәттерді пайдаланып, өзін жауапты қызметкер ретінде таныстырғаны анықталған. Ол той немесе басқа да мерекелік шара ұйымдастыру үшін дәмханаға келген азаматтарға қызмет көрсететінін айтып, алдын ала төлем алып отырған. Алайда жәбірленушілер белгіленген күні той өткізу үшін дәмханаға келгенде, күтпеген жағдайға тап болған. Мекеме әкімшілігі олардың ешқандай алдын ала төлем жасағанынан хабарсыз болып шыққан.

Полицияның алдын ала дерегінше, күдіктінің әрекетінен 10 адам зардап шеккен. Оларға келтірілген жалпы материалдық шығын шамамен 500 мың теңгені құрайды.

"Алдын ала деректер бойынша, оның әрекетінен 10 адам зардап шеккен. Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 500 мың теңгені құрайды. Жәбірленушілер той өткізу үшін дәмханаға келген кезде алдын ала төлем туралы мекеме әкімшілігінің хабарсыз екені анықталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", – деп хабарлады Астана қалалық полиция департаменті.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары