Тәжікстанда жер сілкінді

/
Тәжікстанда жер сілкінді
istockphoto.com

9 қараша күні күндіз Тәжікстан аумағында магнитудасы 4,8 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институты Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 15:33-те (Гринвич уақыты бойынша 10:33) тіркелген.

Жер сілкінісінің эпицентрі 38,03 градус солтүстік ендік пен 73,29 градус шығыс бойлықта орналасқан. Магнитудасы – 4,8 (mb). Энергетикалық класы – К=10,9.

Еске салайық, бұған дейін Жапония жағалауында магнитудасы 5,7 болатын жер сілкінісі болған еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар