Алматыда ер адам суға батып бара жатқан күшікті құтқарып қалды

/
Алматыда ер адам суға батып бара жатқан күшікті құтқарып қалды
видеодан скриншот

Алматыда ер адам Сайран су қоймасына түсіп кетіп, өздігінен шыға алмай қалған күшікті құтқарып қалды. Оқиға куәгерлердің бірінің камерасына түсіп, әлеуметтік желіде кеңінен тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға Сайран су қоймасының маңында болған. Жергілікті тұрғындардың бірі қызын мектепке апарып, үйіне қайтып келе жатқанда күшіктің қыңсылаған дауысын естіген.

Әйел жан-жағына қарап, суға түсіп кеткен кішкентай иттің жағаға шыға алмай жатқанын байқайды. Сол сәтте жақын маңда кішкентай қызымен серуендеп жүрген ер адам болған. Ол күшіктің қиын жағдайда қалғанын көріп, бірден көмекке ұмтылған.

"Күшікті көрген бойда ол қызды құрбымның қарауына қалдырып, көмекке жүгірді", – деді бейнежазба авторы.

Ер адам судағы күшікті аман алып шығып, оның өмірін сақтап қалды. Бұл сәтті оқиға куәгері ұялы телефонына түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған.

Көп ұзамай бейнежазба желі қолданушылары арасында кеңінен таралып, 300 мыңнан астам қаралым жинаған. Желі қолданушылары ер адамның әрекетіне ризашылық білдіріп, оны "Нағыз азамат" деп атап, алғыстарын жаудырған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары