Франция ең төменгі жалақыны мерзімінен бұрын көтеретін болды

/
Франция ең төменгі жалақыны мерзімінен бұрын көтеретін болды
istockphoto.com

Франция үкіметі өмір сүру құнының өсуіне қарсы жаппай наразылықтар аясында ең төменгі жалақыны көтеру мерзімін қаңтардан 2026 жылдың желтоқсанына ауыстыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Франция премьер-министрі Себастьен Лекорню кәсіподақтар мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің өкілдерімен кездесуден кейін мәлімдеді.

Еңбек министрі Жан-Пьер Фарандуаның айтуынша, ең төменгі жалақы 1,6 пайызға өсіп, міндетті төлемдер шегерілгеннен кейін айына 1502 еуроны (шамамен 755 мың теңге) құрайды. Осылайша, қазіргі 1478 еуромен (шамамен 743 мың теңге) салыстырғанда жалақы 24 еуроға (шамамен 12 мың теңге) артады.

Әдетте Францияда ең төменгі жалақы инфляция деңгейін ескере отырып, 1 қаңтардан бастап көтеріледі. Алайда бұл жолы билік әлеуметтік шиеленісті бәсеңдету мақсатында индексацияны бір ай бұрын өткізуді ұйғарған.

Соңғы апталарда Францияда жаппай наразылық акциялары өтіп жатыр. Бастапқыда наразылықтар мектептерді қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты туындаған. Кейіннен шерулер ауқымды сипат алып, басқа да талаптар қойыла бастады.

Бұған дейін Францияда жаппай наразылықтардың жаңа толқынына байланысты билік 70 мың полиция қызметкері мен жандармды жұмылдырғаны хабарланған болатын. Наразылыққа қатысушылар ең төменгі жалақыны көтеруді, еңбек жағдайларын жақсартуды және білім беру саласын қаржыландыруды арттыруды талап етті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары