Сахара шөлі әлемді сирек құбылыспен таңғалдырды

/
Сахара шөлі әлемді сирек құбылыспен таңғалдырды

Сахарада сирек кездесетін қар жауып, аяз тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сахара шөлінің қызғылт сары шағылдарын қар басып, аппақ түске боялды.

Бұл туралы Daily Mail мәлімдеді.

Айн-Сефра қаласында ауа температурасы нөлден төмен түсіп, қар жаууына жағдай жасаған. Бұл соңғы 40 жыл ішіндегі жетінші жағдай болып отыр. Оның үстіне, соңғы онжылдықта «шөл қақпасы» атанған бұл өңірде мұндай аномалиялар едәуір жиілеген.

Жергілікті тұрғындардың қуанышына қарамастан, қар жамылғысы ұзақ сақталмады. Жаңбырдың әсерінен қардың жұқа қабаты тез еріп кеткен. Қаланың Атлас таулары маңындағы ерекше орналасуы температураның күрт ауытқуына ықпал етеді. Алайда ғалымдар мұндай жиілеген қар жаууын жаһандық климат өзгерістерімен байланыстырып отыр.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары