Швейцарияда автобуста болған өрт салдарынан алты адам қаза тапты

/
Швейцарияда автобуста болған өрт салдарынан алты адам қаза тапты

Швейцарияның батысындағы Керцерс қаласында автобуста шыққан өрт салдарынан алты адам көз жұмды, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жергілікті полиция өкілі Фредерик Папоның айтуынша, өрт сейсенбі күні кешке тұтанған. Оның сөзінше, «қасақана жасалған әрекет» нұсқасы да қарастырылып жатыр, алайда түпкілікті қорытынды тергеу аяқталғаннан кейін жасалады.

Өртенген автобус ұлттық пошта қызметінің құрылымына кіретін PostBus компаниясына тиесілі болған. Швейцариялық бұқаралық ақпарат құралдары көлік құралының түгелдей отқа оранғанын көрсететін кадрларды жариялады.

«Оқиға орнына жеткен құтқару қызметтері автобустың толықтай өртеніп жатқанын анықтады», — делінген өңірлік үкіметтің мәлімдемесінде.

Полиция мәліметінше, ауыр жарақат алған үш адам ауруханаға жеткізілген, тағы екі зардап шеккен адамға оқиға орнында көмек көрсетілген.

Қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтау үшін прокуратура қылмыстық тергеу бастады.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар