Түркияның Грузияда жарылған ұшағында 20 әскери қызметкер қаза тапты

/
Түркияның Грузияда жарылған ұшағында 20 әскери қызметкер қаза тапты
видеодан скриншот

Грузияда түріктің С-130 әскери-тасымалдау ұшағы апатқа ұшырады. Түркияның Қорғаныс министрлігі бортта болған 20 әскери қызметкердің қаза тапқанын растап, марқұмдардың тізімін жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Біздің қаруластарымыз 2025 жылдың 11 қарашасында Әзербайжаннан елімізге бағыт алған С-130 әскери-тасымалдау ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапты», — делінген министрліктің хабарламасында.

Оқиға хронологиясы

Түрік әскери-тасымалдау ұшағы 11 қарашада Грузияда, Әзербайжан шекарасына жақын маңда апатқа ұшырады.

Кейін Түркияның Қорғаныс министрлігі бұл оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берді.

«Әзербайжаннан ұшып шыққан және елімізге бағыт алған C-130 әскери-тасымалдау ұшағы Грузия мен Әзербайжан шекарасында апатқа ұшырады», — делінген министрлік мәлімдемесінде.

Грузияның Ішкі істер министрлігі ұшақтың Сигнахий муниципалитеті аумағында, Әзербайжан шекарасына жақын жерде құлағанын және тергеу басталғанын хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, ұшақ апатқа дейін апаттық сигнал бермеген.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери ұшақтың апатқа ұшырауына байланысты Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары