Пәкістанда жолаушылар мінген шағын автобус өзенге құлап, 11 адам қаза тапты

/
Пәкістанда жолаушылар мінген шағын автобус өзенге құлап, 11 адам қаза тапты
Anadolu/Getty Images

Пәкістанның солтүстігінде жолаушылар тасымалдайтын шағын автобус өзенге құлап, 11 адам көз жұмды. Қаза тапқандардың арасында нәресте де бар. Тағы екі адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы жол-көлік оқиғасы Пәкістанның солтүстігіндегі Гилгит-Балтистан аймағында болған.

«Синьхуа» ақпарат агенттігінің мәліметінше, шағын автобус Гилгит қаласынан Гизер ауданына қарай бағыт алған. Алайда жолда жүргізуші көлікті басқара алмай, автобус өзенге құлаған. Апат туралы хабар түскеннен кейін оқиға орнына құтқарушылар мен полиция қызметкерлері жеткен. Мамандар өзенге құлаған көліктегі адамдарды іздестіру жұмыстарын жүргізген.

Құтқару операциясы барысында 11 адамның мәйіті табылған. Олардың арасында екі әйел мен бір нәресте бар. Сонымен қатар жол апатынан екі адам аман қалғанымен, түрлі жарақат алған. Олар шұғыл түрде жақын маңдағы медициналық мекемеге жеткізілген.

«Құтқарушылар 11 жолаушының, оның ішінде екі әйел мен нәрестенің мәйітін тапты. Зардап шеккен екі адам жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта жол апатының себептері анықталып жатыр», – деп хабарлады полиция.

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы жағдайға жүргізушінің көлік тізгініне ие бола алмауы себеп болуы мүмкін.

Дегенмен жол-көлік оқиғасының нақты неден болғаны әзірге анықталған жоқ. Құқық қорғау органдары апаттың мән-жайын тексеріп жатыр. Сондай-ақ қаза тапқан жолаушылардың жеке басына қатысты толық ақпарат жарияланбады.

Қазіргі уақытта Пәкістанның тиісті қызметтері қайғылы оқиғаның себептерін анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары