Румынияның экс-президенті Ион Илиеску қайтыс болды

/
Румынияның экс-президенті Ион Илиеску қайтыс болды

Румынияның бұрынғы президенті Ион Илиеску 95 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Румыния үкіметінің ресми сайтында жарияланған хабарламада айтылған.

«Румыния үкіметі бұрынғы президент Ион Илиескудың қайтыс болғанын терең күйзеліспен хабарлайды. Румыния мемлекетінің бұрынғы басшысы 2025 жылдың 5 тамызы күні профессор Агриппа Ионеску атындағы шұғыл медициналық көмек көрсететін клиникалық ауруханада көз жұмды», – делінген хабарламада.

Үкімет марқұмның отбасына және жақындарына көңіл айтты.

Ион Илиеску Румынияда 1989 жылдың желтоқсанында Николае Чаушескудың тоталитарлық режимі құлағаннан кейін билікке келген. Ол үш мәрте ел басшысы қызметін атқарды.

Оған екі қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізілген. 1989 жылғы желтоқсандағы оқиғалар кезінде әскерилермен бірге елде «террорлық психоз» ұйымдастырды деген айып тағылып, оның салдарынан көптеген адам қаза тапқан. Ал 1990 жылдың 13–15 маусым күндері үкіметке қарсы шеруді басу барысында шахтерлерді Бухарестке шақырып, астанада жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айып тағылған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары