Бішкектегі Первомай аудандық соты Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты бірнеше қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оны сырттай 11,5 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы ТАСС агенттігі ақпарат таратты.
Хабарламада айтылғандай, Атамбаев Чүй облысындағы Кой-Таш ауылынан заңсыз жер телімдерін алғаны, Бішкек ЖЭО-ын жаңғырту кезінде жемқорлыққа жол бергені, сондай-ақ 2019 жылғы 7–8 тамызда Кой-Ташта болған жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сондай-ақ бұрынғы президенттің мүлкі тәркіленіп, барлық мемлекеттік наградаларынан айырылды.