дүйсенбі, 14 сәуір, 2025

Қазақстан мен Қытайдың екіжақты серіктестігі дамып келеді

Бүгінде қазақ-қытай инвестициялық жо­баларының пулында жалпы құны ша­мамен 66,4 миллиард АҚШ долларын құ­рай­тын 224 жоба бар, бұл шамамен 50 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қытай Коммунистік партиясының Орталық комитеті Халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі Лю Цзяньчаомен келіссөздер жүргізді.
Кездесу барысында тараптар қазақ-қы­тай стратегиялық ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелерін, оның ішінде сая­си, сауда-экономикалық және мәдени-гу­­манитарлық салалардағы өзара ық­пал­да­су­дың қазіргі жағдайы мен перспек­ти­ва­ларын талқылады.
Сұхбаттастар елдер арасындағы саяси қа­тынастар дамуының оң динамикасын атап өтті. Қазақстан мен Қытай мемлекет басшыларының кездесулері барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жү­зін­де жүзеге асыруға, сондай-ақ алдағы биік және жоғары деңгейдегі іс-шаралар кес­тесіне ерекше назар аударылды.
– Қазір елдеріміздің қарым-қатынасы өзі­нің ең жақсы кезеңін бастан өткеруде жә­не үлгілі сипатқа ие. Ізгі көрші әрі сенім­ді серіктес ретінде біз шынымен көпқырлы жә­не өзара тиімді байланыстарды қалып­тас­тыра алдық, – деп атап өтті Қазақстан СІМ басшысы.
Бұған қоса сауда-экономикалық, ин­вес­тициялық және транзиттік-көліктік ын­тымақтастықты одан әрі кеңейту, сон­дай-ақ жоғары технологиялар сала­сын­дағы өзара ықпалдасуды дамыту және Қа­зақ­станнан Қытайға шикізаттық емес экс­портты арттыру мәселелері талқылан­ды.
Сондай-ақ Министр Қытай Қазақстан­ның ең ірі сыртқы сауда серіктесі екенін атап өтті, өткен жылы екіжақты тауар ай­на­лымы рекордтық 43,8 миллиард АҚШ долларына жетті және тұрақты түрде елі­міздегі бес ірі инвестордың қатарына кіре­ді. Бүгінде қазақ-қытай инвестициялық жо­баларының пулында жалпы құны ша­мамен 66,4 миллиард АҚШ долларын құ­рай­тын 224 жоба бар, бұл шамамен 50 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Кездесу соңында тараптар өңірлік жә­не халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мә­селелер бойынша пікір алмасты және көп­жақты құрылымдар, оның ішінде БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК және «Орталық Азия-Қытай» форматы шеңберінде тығыз үйлес­тіру мен өзара ықпалдасуды жалғастыруға келісті.

Бөлісу: