Жан басына шаққандағы ақшалай табыс 410 мың теңгеге жетті

Жан басына шаққандағы ақшалай табыс 410 мың теңгеге жетті

2026 жылғы II тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы  – 410 088 теңген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14 пайызға жоғары. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Есепті кезеңде жан басына шаққандағы ақшалай шығыс орта есеппен 358 584 теңге болды. Ал тұтынуға пайдаланылған табыс – 362 900 теңге.

Халықтың ақшалай табысның 72,7 пайызы еңбек қызметінен түскен кірістерге тиесілі. Оның ішінде 64,6 пайызы – жалдамалы жұмыстан, 8,1 пайызы – жалдамалы емес жұмыстан түскен табыс. Әлеуметтік трансферттердің үлесі – 24,2 пайыз.

Ақшалай шығыстардың 90,7 пайызы тұтыну шығыстарына жұмсалған. Оның ішінде азық-түлік тауарларына – 50,5 пайыз, азық-түлік емес тауарларға – 19,5 пайыз, ақылы қызметтерге 20,7 пайыз тиесілі.

Өңірлер арасында жан басына шаққандағы тұтынуға пайдаланылған табыстың ең жоғары көрсеткіші Алматы қаласында – 483 887 теңге. Одан кейін Қарағанды облысы (480 696 теңге) және Павлодар облысы (453 161 теңге) тұр. Астанада бұл көрсеткіш – 451 999 теңге. 

Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, зерттеу тоқсан сайын 12 мың үй шаруашылығын қамту арқылы жүргізіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары