276
Ғалымдар түскі ұйқы миды ширатып, күрделі тапсырмаларды шешуге көмектесетінін дәлелдеді

Ғалымдар түскі ұйқы миды ширатып, күрделі тапсырмаларды шешуге көмектесетінін дәлелдеді.
Жақында Journal of Sleep Research журналында жарияланған зерттеу ұйқы, әсіресе көз шырымын алу, аналогиялық аудару арқылы мәселелерді шешу қабілетін арттыратынын дәлелдейді. Тіпті 13 минуттық ұйқының өзі ми қызметіне оң әсер етеді екен.
Ғылыми эксперимент көрсеткендей, күндіз қысқа уақыт ұйықтаған қатысушылар тапсырмаларды жылдамырақ және тиімдірек орындаған. Ал тек үзіліс жасаған топ мұндай нәтиже көрсетпеген.
Мұның себебі – ұйқы кезінде мидағы байланыстар қайта құрылып, жасырын шешімдер табылатынында. Сондықтан шаршаған кезде жай демалғаннан гөрі, аздап ұйықтап алған әлдеқайда пайдалы.