Түркияда тікұшақ ауруханаға соғылып, 4 адам қайтыс болды

Апаттың негізгі себебі ретінде ауа райының қолайсыздығы, әсіресе қалың тұман қарастырылып отыр

Түркияда тікұшақ ауруханаға соғылып, 4 адам қайтыс болды
Ғаламтордан
567

Түркияның Мұғла қаласында Төтенше жағдайлар және ғылыми-зерттеу ауруханасының маңында болған тікұшақ апатынан төрт адам қаза тапты. Қайтыс болғандардың ішінде екі ұшқыш, бір дәрігер және бір медициналық қызметкер бар.

Оқиға таңғы сағат 10:06 шамасында болған. Денсаулық сақтау министрлігіне тиесілі жедел жәрдем тікұшағы Анталияға бағыт алып, аурухананың алдынан көтерілген сәтте ғимараттың төртінші қабатына соғылып, кейін бос алаңға құлаған.

Апаттың негізгі себебі ретінде ауа райының қолайсыздығы, әсіресе қалың тұман қарастырылып отыр.

Аурухананың ішкі бөлігіне зақым келмеген, тек ғимараттың сыртқы қабырғалары бүлінген.

Серіктес жаңалықтары