Президент: Ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға 120 млрд теңге бөлінді

Президент Қазақстанда 8 ірі бірлескен кәсіпорын, оның ішінде «Клаас» неміс концерні мен ресейлік «Ростсельмаш» компаниясы табысты жұмыс жатқанын айтты.

Президент: Ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға 120 млрд теңге бөлінді
istockphoto.com
162

Биыл елімізде 4,5 мыңнан астам трактор мен астық жинайтын 815 комбайн шығарылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Мен ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейін жылына 8-10 пайызға дейін жеткізу жөнінде міндет қойдым. Бұл мақсатқа 120 миллиард теңге бөлініп, отандық ауыл шаруашылығы техникаларын жылына 5 пайызбен жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасы басталды», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Қазақстанда 8 ірі бірлескен кәсіпорын, оның ішінде «Клаас» неміс концерні мен ресейлік «Ростсельмаш» компаниясы табысты жұмыс жатқанын айтты.

«Биыл шамамен 160 миллиард теңгеге жуық қаржыға 4,5 мыңнан астам трактор мен астық жинайтын 815 комбайн шығарылды. Үкімет еңбек өнімділігін арттыруға, импортталатын қосалқы бөлшектерді локализациялап, ұсақ бөлшектерден құрастырылатын өндірісті қолдауға және тұрақты жұмыс орындарын ашуға баса мән беруі керек», — деді Мемлекет басшысы.

Серіктес жаңалықтары