Биржада доллар бағасы 444 теңгеден төмен түсті

/
Биржада доллар бағасы 444 теңгеден төмен түсті
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 443,62 теңгені құрады. Осылайша, ұлттық валюта бағамы 1,2 теңгеге нығайды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 12 қарашаға белгілеген ресми бағамы – 444,76 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 443,66 теңге, сату бағамы 445,37 теңге. Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 442 теңгеден сатып алынып, 449 теңгеден сатылып жатыр. Ал Шымкентте долларды сатып алу бағамы орта есеппен 442,93 теңге болса, сату бағамы 445,75 теңгені құрайды.

Еске салайық, 2 қарашадағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,13 теңгеге, 3 қарашада 0,22 теңгеге, 4 қарашада 0,24 теңгеге, 5 қарашада 0,85 теңгеге, 6 қарашада 4,02 теңгеге төмендеген болатын. Ал 9 қарашада 1,76 теңгеге өсті. 10 қарашада 1,3 теңгеге, 11 қарашада 2,46 теңгеге төмендеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары