Түркістан облысында нөмірін жасырып жүрген жүргізуші анықталды (ВИДЕО)

/
Түркістан облысында нөмірін жасырып жүрген жүргізуші анықталды (ВИДЕО)
Polisia.kz

Түркістан облысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға Сарыағаш ауданының Жібек жолы ауылында болған. Жедел басқару орталығының қызметкерлері камераларды бақылау барысында автокөліктің мемлекеттік нөмірі сыйлық орайтын бантикпен жабылғанын әрі оған стробоскоп орнатылғанын байқаған.

Бұл туралы учаскелік полиция инспекторларына хабарланып, олар аталған автокөлікті тоқтатты. Тексеру кезінде көлікті Шымкент қаласының 25 жастағы тұрғыны басқарғаны анықталды. Жүргізуші нағашысының тойынан қайтып келе жатқанын айтқан.

Мемлекеттік нөмірді жауып, көлікке заңсыз арнайы жарық құрылғысын орнатқаны үшін жүргізушіге әкімшілік шара көрілді. Автокөлік айыптұраққа қойылды.

Полицейлер мемлекеттік нөмірді жасыру мен көлікке заңсыз жарық құрылғыларын орнату әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары