АҚШ пен Англияда елге кірген шетелдіктердің саусақ іздері алынады. Түркия да осы тәжірибеге көшпек. Ал Түркияда тұрақтап қалғысы келетін шетел азаматтары нотариус арқылы тұруға рұқсат ала алады.
Сондай-ақ оқуға келген шетелдік студенттер көші-қон басқармасына бармай-ақ, университет арқылы резидентураға құжат тапсыра алады.