1075
Түркияда 18 жастағы жасөспірім мешітке теракт жасады
Шабуыл салдарынан бір адам көз жұмып, жеті адам жарақаттанды.
Түркияның Эскишехир қаласында 18 жастағы жасөспірім мешітке пышақпен және балтамен шабуыл жасады.
Ол бас сүйегі бейнеленген маскасында және нацистік 3-ші СС «өлі бас» танк дивизиясының шевронында болды
Cumhuriyet басылымының ақпаратынша, теракт салдарынан бір адам көз жұмып, тағы жеті адам жарақаттанды. Ол, сондай-ақ, өзінің қылмыстық әрекетін әлеуметтік желіде тікелей эфирде көрсеткен.
Қазір ұсталған адам жергілікті полиция бөлімінде тергеліп жатыр.
Алдын ала ақпарат бойынша, түрік тұтқыны әскери сипаттағы «компьютерлік ойындардың ықпалында болған».
Оқиға орнына жедел жәрдем келіп, зардап шеккендерді ауруханаға жатқызды.