Түркияда «Instagram» әлеуметтік желісіне кіруге тыйым салынды

Әлеуметтік желі бүгін таңертеңнен бері мобильді құрылғыларда да, компьютерлерде де ашылмай тұр.

Түркияда «Instagram» әлеуметтік желісіне кіруге тыйым салынды
istockphoto.com
1258

Түркия билігі елде Instagram әлеуметтік желісін қолдануға тыйым салды.

«2 тамызда Instagram.com сайтына кіру Ақпараттық технологиялар және коммуникациялар кеңесінің шешімімен бұғатталды», - деді реттеуші.

Әлеуметтік желі бүгін таңертеңнен бері мобильді құрылғыларда да, компьютерлерде де ашылмай тұр.

Сонымен бірге, 31 шілдеде Түркия президенті әкімшілігі жанындағы коммуникациялар басқармасының басшысы Фахреттин Алтун Палестина саяси бюросының басшысы Исмаил Хания қаза болғаннан кейін қолданушылардың көңіл айту хабарламаларын жариялауына «белсенді түрде кедергі жасағаны» үшін әлеуметтік желіні айыптады.

Алтун әлеуметтік желінің әрекетін цензураның көрінісі деп атап, «жаһандық қанаушы әділетсіздік жүйесіне» қызмет ететінін бірнеше рет дәлелдеген платформаларға қарсы шара қолдану арқылы сөз бостандығын қорғауға уәде берді.

Айта кетейік, 2 тамызда Түркияда ХАМАС саяси бюросының басшысы Исмаил Ханияның қайтыс болуына байланысты Ұлттық аза тұту күнін жарияланды. 31 шілдеде Тегеранда ХАМАС қозғалысы саяси бюросының басшысы Исмаил Хания шабуыл кезінде көз жұмды.

Шейіт болған ХАМАС төрағасының құрметіне 2 тамыз Түркияда ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Серіктес жаңалықтары