Татарстандық балалар қазақ ертегілерін оқитын болды

Қазанда қазақ халық ертегілері жинағының тұсаукесері өтті.

Татарстандық балалар қазақ ертегілерін оқитын болды
Сурет: СІМ

Қазақстанның Қазан қаласындағы Бас консулдығы татар тілінде «қазақ халық ертегілері» жинағын таныстырды, деп хабарлады turkystan.kz.

Тұсаукесерде Қазақстанның Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов, Татарстан Республикасы Мәдениет министрінің орынбасары Дамир Натфуллин, аудармашы, Қазан федералды университетінің филология және мәдениетаралық коммуникациялар институтының доценті Гүлфия Гайнуллина, Қазан қаласының туризмді дамыту комитетінің директоры Дарья Санникова сөз сөйледі.

Қатысушылар жинаққа қазақ халқының бай мәдениетін, салт-дәстүрлерін баяндайтын халық ертегілері енгенін атап өтті. 

Тұсаукесер соңында кітаптардың 30 данасы халықаралық бағдарлама бойынша оқытатын «Бала сити» көп тілді балабақшасына берілді.

Сонымен қатар, қазақтың музыкалық шығармалары көрсетіліп, ұлттық тағамдар дайындау бойынша мастер-класс өтті.