Француз актері Жерар Депардье қамауға алынды

75 жастағы актерден Париждегі полиция бөлімшелерінің бірінде жауап алынып жатыр.

Француз актері Жерар Депардье қамауға алынды
сурет: Фото: Frederic Kern / IMAGO / Global Look Press

Француз актері Жерар Депардье қамауға алынды. Актердің үстінен екі әйел жыныстық зорлық-зомбылыққа байланысты арыз жазған. Бұл туралы Францияның BFMTV телеарнасы мен Le Parisien газеті хабарлады.

БАҚ-тың хабарлауынша, 75 жастағы актер таңғы 8-де қамауға алынған.

Депардьеге түсірілім алаңында жыныстық зорлық жасады деген айып тағылып отыр. France info хабарлағандай, 24 жастағы көмекші қыз шағым түсірген. Тағы бір оқиға 2021 жылы "Жасыл жапқыштар" фильмін түсіру кезінде болған. 53 жастағы қоюшы суретші өзінің зардап шеккенін мәлімдеді.

Депардье бұл айыптарды жоққа шығарды. 

Депардье ұзақ уақыт бойы Франциядағы француз мәдениетінің бет-бейнесі саналды. Оған қатысты бірқатар жанжалдың басталуы оны көптеген қоғамдық тұлғалардың қолдауынан айырды.