Киіз үй пішіндес: Қырғыз Республикасында Орта Азиядағы ең ірі стадионның құрылысы басталды

Онда тек стадион ғана емес, сонымен қатар, спорт дүкендері мен сауда орталықтары да жұмыс істейді.

Киіз үй пішіндес: Қырғыз Республикасында Орта Азиядағы ең ірі стадионның құрылысы басталды
facebook.com/japarov.sadyr

Бішкекте (Қырғыз Республикасы) Орта Азиядағы ең ірі стадионның құрылысы басталды. Бұл туралы ел президенті Садыр Жапаров Facebook-тегі жеке парақшасында хабарлады.

«Орта Азиядағы көптен күткен, ең ірі футбол стадионының құрылысы басталды. Бұйырса, 2 жылдан соң ашылу салтанатын өткіземіз», – делінген хабарламада.

Аталған стадион Орта Азиядағы ең ірі футбол алаңына айналмақ. Онда 45 мың адам сияды. Бір ерекшелігі, аталған стадион киіз үй пішінінде салынбақ.

Спорттық ғимараттың архитектурасын 22 маман айналысып жатыр. Оның 12-і Түркиядан шақырылған, қалған 10-ы – жергілікті архитекторлар.

Стадионның ауданы – 85 000 м2. Стадион аумағында Орта Азиядағы ең үлкен жабық көлік тұрағы салынады. Онда 3 600 көлік сияды. Онда тек стадион ғана емес, сонымен қатар, спорт дүкендері мен сауда орталықтары да жұмыс істейді.