Эстонияның әділет министрі жемқорлыққа байлысты орнынан кетті

Дегенмен ол бұл айыптауларды жоққа шығарып отыр. Ол "туыстарын қоғам шабуылынан қорғау үшін" отставкаға кетуге шешім қабылдағанын айтты.

Эстонияның әділет министрі жемқорлыққа байлысты орнынан кетті
сурет: euronews.com
910

Эстонияның Әділет министрі сыбайлас жемқорлыққа қатысты айыптауға байланысты орнынан кетті. Шенеунік өгей ұлына тиесілі пәтерді жалға алу үшін мемлекеттен қолдау алған деп болжануда. Бұл туралы еuronews.com жазды.

Калле Лаане қызметте болған кезінде Таллиндегі бір пәтерді өгей ұлының компаниясынан жалға алған және шығындарды мемлекет өтеген. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, 2021 жылдан бастап жалпы шығын сомасы – шамамен 12 000 еуро.

"Үкіметтің қызметіне нұқсан келтірмеу үшін мен әділет министрі қызметін жалғастырмаймын деп шештім", – деп мәлімдеді ол.

Дегенмен ол бұл айыптауларды жоққа шығарып отыр. Ол "туыстарын қоғам шабуылынан қорғау үшін" отставкаға кетуге шешім қабылдағанын айтты.

Эстония Премьер-Министрі Каджа Каллас Лаанеттің отставкасын қабылдап, министрдің қызметі үшін ризашылығын білдірді.

Серіктес жаңалықтары