Атырауда 57 жастағы әйел 27 жастағы күйеуін пышақтаған

Оқиға кеше, 20 желтоқсанда болған.

Атырауда 57 жастағы әйел 27 жастағы күйеуін пышақтаған
ашық дереккөз
1544

Атырауда 57 жастағы әйел азаматтық некедегі күйеуін пышақтап өтірді, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға кеше, 20 желтоқсанда болған.

«Жергілікті уақытпен сағат 18:50 шамасында 40 жастағы әйел хабарласып, өз анасы азаматтық некедегі күйеуінің ішіне ас үй пышағымен жарақат салғанын айтты. Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер отбасылық жанжал салдарынан 57 жастағы әйел 27 жастағы ер адамды ас үй пышағымен жарақаттағанын анықтады. Салдарынан ол көз жұмды», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігімен (Адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

«Азаматтық некедегі ерлі-зайыптының отбасында бұған дейін бірнеше рет жанжал болған. 27 жастағы ер адамның қаңтар және сәуір айында 2 мәрте әкімшілік қамауға алынғаны анықталды», – деп нақтылады ведомстводан.

Серіктес жаңалықтары