Ақтөбедегі неке сарайында 26 жастағы келіншекті бұрынғы сүйіктісі өлтіріп кетті

/
Ақтөбедегі неке сарайында 26 жастағы келіншекті бұрынғы сүйіктісі өлтіріп кетті
istockphoto.com

Ақтөбедегі Неке сарайында 26 жастағы келіншек пышақ жарақатынан көз жұмды. Қылмысқа оның бұрынғы күйеуі күдікті деп танылды, деп хабарлайды turkystan.kz «Выход к правде» Telegram арнасына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, қайғылы жағдайдың алдында марқұм мен оның бұрынғы күйеуі арасында жанжал туындаған. Алдын ала болжам бойынша, жанжалға әйелдің басқа азаматпен қарым-қатынас құруы себеп болуы мүмкін. Балалары бар әйел Неке сарайына жаңа сүйіктісімен бірге келгені айтылады.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында қылмысқа күдіктіні анықтап, ұстады.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні ізін суытпай анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаменті.

Аталған дерек бойынша адам өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Неке сарайының өкілдері оқиғаға қатысты түсініктеме беруден бас тартқан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар