«Барлық өзгеріске дайынмын»: Дариға Бадықова тосын жазба жариялады

/
«Барлық өзгеріске дайынмын»: Дариға Бадықова тосын жазба жариялады
Әлеуметтік желіден

Актриса әрі продюсер Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында өзгерістері туралы жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі соңғы уақытта көп нәрсені түсініп, өміріндегі түрлі жағдайларды жүрегінен өткізгенін айтты.

Сондай-ақ бұрын барлығына алаңдап, айналасындағыларға түсінікті болуға тырысқанын жеткізді.

«Дариға неге өзгерді?
Өйткені Дариға көп нәрсені түсінді. Көп нәрсені жүрегінен өткізді. Бұрын бәріне алаңдайтын, бәріне түсінікті болуға тырысатын... Барлық өзгеріске дайынмын! Уақыт – даналық!» – деп жазды ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары