Түркия мен Грекия қарым-қатынасын қайта жандандыруға ниетті

Келіссөз барысында екі ел достық қатынас пен тату көршілік туралы бірлескен декларация қабылдады.

Түркия мен Грекия қарым-қатынасын қайта жандандыруға ниетті
сурет: glavnoe.in.ua
920

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Афинаға жасаған сапары кезінде екі ел сауданы жандандыруға және көші-қон мәселесін шешу үшін байланыс арналарын құруға келісті. Бұл туралы Еuronews жазды.

Келіссөз барысында екі ел достық қатынас пен тату көршілік туралы бірлескен декларация қабылдады. 

Дегенмен, екі ел толық түсіністі деуге ертерек, одан бөлек Кипрдің бөлек өз ұстанымдары бар. Ал Анкара "шындыққа негізделген" әділ шешімді қолдайды. Афина бұл арада жалғыз шешім Аралдың Біріккен Ұлттар Ұйымының қарарлары негізінде бірігуіне негізделген дейді.

Басқа келісімдерге сауда, энергетика, білім, ауыл шаруашылығы, спорт, технология және туризм бойынша мәмілелер кіреді.

Серіктес жаңалықтары