Әскери жаттығу кезінде танк зейнеткерді басып кетті

Оқиғадан кейін жәбірленуші ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер ештеңе істей алмады.

Әскери жаттығу кезінде танк зейнеткерді басып кетті
pixabay

Грекияда “Парменион” әскери жаттығуы кезінде танк тасымалдаушысы зейнеткер әйелді басып кетті. Кейуана алған жарақаттарынан қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға таңертең шығыс Аттикадағы Оропос қаласында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, 70 жастағы жергілікті тұрғын әскери колонна өтіп бара жатқанда жолды кесіп өтпек болған. Алайда танк жүргізушісі зейнеткерді басып кеткен.

Оқиғадан кейін жәбірленуші ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер ештеңе істей алмады. Әйел қаза тапты.