Қазақстан БҰҰ алаңында AI-QURYLTAI платформасын таныстырды

/
Қазақстан БҰҰ алаңында AI-QURYLTAI платформасын таныстырды
Құрылтайдың баспасөз қызметі

Женевадағы Ұлттар сарайында Қазақстан делегациясы жасанды интеллект қолданылатын цифрлық парламенттік платформа - AI-Quryltai жобасын таныстырды. Таныстырылым БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің «Қазақстан» залында өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстандық делегация құрамында «Әділет» партиясы Төрағасының орынбасары Қаныш Төлеушин, Қазақстан Республикасы Құрылтайының Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмедиевжәне Цифрлық үкіметті қолдау орталығының бас директоры Әлия Оспанова бар.

Іс-шара кіріспе бейнероликті көрсету мен құттықтау сөздерден басталды. Қатысушыларға Қазақстан Республикасы Құрылтайының 2027–2029 жылдарға арналған ЖИ-стратегиясы, e-Quryltai интеграцияланған цифрлық парламенттік платформасы және парламенттік қызметте жасанды интеллектіні қолдану бағыттары таныстырылды.

Бағдарламаның жекелеген блоктары парламенттік зерттеулер мен талдауға, ЖИ қолдану арқылы заң жобаларын әзірлеу мен құқықтық сараптама жүргізуге, сондай-ақ ЖИ-зертхананың қызметіне арналды.

Стратегияға сәйкес, AI-Quryltai цифрлық процестерді, парламенттік деректерді, құқықтық білім мен зияткерлік сервистерді бірыңғай қорғалған ортада біріктіре отырып, e-Quryltai жүйесін дамытудың келесі кезеңіне айналады. Бұл трансформацияның негізгі мақсаттары - заң шығару сапасын, қабылданатын шешімдердің негізділігін, парламенттік бақылаудың тиімділігін және қоғаммен өзара іс-қимылдың ашықтығын арттыру.

AI-Quryltai платформасының практикалық міндеті - жасанды интеллектіні қолдану арқылы депутаттар жұмысының тиімділігін арттыру. Әзірленіп жатқан құралдар парламенттік деректер мен азаматтардың өтініштерін талдауға, зерттеулер жүргізуге, талдамалық материалдар дайындауға және заң жобаларын әзірлеу процесін сүйемелдеуге мүмкіндік береді.

AI-Quryltai жүйесінің негізінде мемлекеттік деректер мен парламенттік жұмыс құралдарыбіріктірілген тілдік модельдер жәнемамандандырылған жасанды интеллект агенттерінен тұратын өзіндік цифрлық платформажатыр. Шешім қабылдауды қолдау жүйесі жүйелі мәселелерді анықтауға және ұсынылатын шаралардың салдарын бағалауға көмектессе, құқықтық ядро өз кезегінде нормалардың өзара байланыстарын талдауға және заңнамалық өзгерістерді әзірлеуге мүмкіндік береді. Жергілікті модельдер жабық нұсқада жұмыс істейді, ал қорытындылар болса, тексерілетін дереккөздерге, талдау әдістемелеріне және сараптамалық бағалауға сүйенеді. Мұндай тәсіл азаматтың өтінішінен бастап шешімді дайындауға және оның орындалуын бақылауға дейінгі бүкіл процесті сүйемелдеуге толық мүмкіндік береді.

ЖИ-ді жауапкершілікпен қолдануға да айрықша назар аударылды. ЖИ-зертхана шешімдерді енгізбес бұрын олардың дәлдігін, қауіпсіздігін және құқықтық заңдылығын сынақтан өткізу мен бағалауды қамтамасыз етеді. ЖИ көмегімен дайындалған материалдар мамандардың тексеруінен өтеді, ал түпкілікті шешімдер үшін жауапкершілік адамдардың өзінде қалады. Ақпаратпен жұмыс істеу қолжетімділікті шектеу және киберқауіпсіздік талаптарын сақтау қағидаттарына негізделеді.

Бағдарлама қорытынды сөздермен, парламенттік инновациялар мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі диалогпен және пікір алмасумен аяқталды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары