Доллар бағасы тағы да түсті

/
Доллар бағасы тағы да түсті
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары нарығындағы құралдар бойынша сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 467,48 теңгені құрады. Бұл 2,16 теңгеге төмендегенін көрсетеді. Қазақстан Ұлттық банкінің 5 тамызға белгілеген ресми бағамы – 469,85 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Астана қаласындағы айырбастау орындарында доллар 465,05 теңгеден сатып алынып, 472,05 теңгеден сатылып жатыр. Еуроны 534,05 теңгеге сатып алуға, ал 544,05 теңгеге сатуға болады. Ресей рублі 5,45 теңгеден сатып алынып, 5,65 теңгеден сатылуда.

Алматыда АҚШ валютасын орта есеппен 467,89 теңгеден сатып алып, 469,90 теңгеден сатуда. Еуро бағамы 538,54–543,73 теңге аралығында, ал рубль 5,53–5,66 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Шымкенттегі айырбастау орындарында доллар орта есеппен 468,29 теңгеден сатып алынып, 470,38 теңгеден сатылуда. Еуроны 538,85–543,69 теңге аралығында сатып алуға және сатуға болады, ал рубль бағамы 5,56–5,62 теңге шамасында.

5 тамыздағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 469,85 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 1,93 теңгеге төмендеген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар