Доллар тағы арзандады

/
Доллар тағы арзандады
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,85 теңгеге төмендеп, 451,87 теңгені құрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 5 қарашаға белгілеген ресми доллар бағамы – 452,91 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 450,71 теңге, сату бағамы 452,58 теңге болып отыр. Астана қаласында доллар орта есеппен 448,01 теңгеден сатып алынып, 455,01 теңгеден сатылуда. Ал Шымкенттегі айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы 451,38 теңге, сату бағамы 452,98 теңге.

Еске салайық, 27 қазандағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,52 теңгеге, 28 қазанда 1,1 теңгеге өскен болатын. 29 қазанда 3,22 теңгеге төмендесе, 30 қазанда 0,27 теңгеге қымбаттады. Ал 2 қарашада 0,13 теңгеге, 3 қарашада 0,22 теңгеге, 4 қарашада 0,24 теңгеге арзандады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары