Биржада доллар бірден 4 теңгеге арзандады

/
Биржада доллар бірден 4 теңгеге арзандады
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 4,02 теңгеге төмендеп, 447,14 теңгені құрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 6 қарашаға белгілеген ресми бағамы – 451,87 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 447,6 теңге, сату бағамы 449,51 теңге болды. Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 446 теңгеден сатып алынып, 453 теңгеден сатылып жатыр. Ал Шымкентте долларды сатып алу бағамы орта есеппен 447,99 теңге, сату бағамы 449,23 теңгені құрады.

Еске салайық, 27 қазандағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,52 теңгеге, 28 қазанда 1,1 теңгеге өскен болатын. 29 қазанда 3,22 теңгеге төмендесе, 30 қазанда 0,27 теңгеге қымбаттады. 2 қарашада 0,13 теңгеге, 3 қарашада 0,22 теңгеге, 4 қарашада 0,24 теңгеге, ал 5 қарашада 0,85 теңгеге арзандады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары