Доллар бағасы қайта қымбаттады

/
Доллар бағасы қайта қымбаттады
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 448,98 теңгені құрады. Осылайша, АҚШ валютасы 1,76 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкі 9 қарашаға белгілеген доллардың ресми бағамы – 447,14 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 449,07 теңге, сату бағамы 450,8 теңге болып отыр. Астанада доллар орта есеппен 446 теңгеден сатып алынып, 453 теңгеден сатылуда. Ал Шымкентте АҚШ валютасын сатып алу бағамы орта есеппен 448,27 теңге, сату бағамы 451,04 теңгені құрайды.

Еске салайық, 27 қазандағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,52 теңгеге, 28 қазанда 1,1 теңгеге өсті. 29 қазанда 3,22 теңгеге төмендесе, 30 қазанда 0,27 теңгеге қымбаттады.

2 қарашада доллар бағамы 0,13 теңгеге, 3 қарашада 0,22 теңгеге, 4 қарашада 0,24 теңгеге, 5 қарашада 0,85 теңгеге, ал 6 қарашада бірден 4,02 теңгеге арзандады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары