Доллар бағасы 470 теңгеден төмен түсті

/
Доллар бағасы 470 теңгеден төмен түсті
istockphoto.com

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 469,85 теңгені құрап, 1,93 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 5 тамызға белгілеген ресми бағамы 471,98 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы айырбастау пункттерінде долларды 466,95 теңгеден сатып алып, 473,95 теңгеден сатып жатыр. Еуроны 534,00 теңгеге сатып алып, 544,00 теңгеге сатуда. Ресей рублі 5,55 теңгеден сатып алынып, 5,75 теңгеден сатылып жатыр.

Алматыдағы айырбастау пункттерінде АҚШ валютасын орта есеппен 469,48 теңгеден сатып алып, 471,46 теңгеден сатуда. Еуроның бағамы 539,48–544,45 теңге аралығында болса, рубль 5,55–5,69 теңге аралығында саудалануда.

Шымкенттегі айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 469,67 теңгеден сатып алынып, 471,78 теңгеден сатылуда. Еуроны 540,00–545,11 теңге аралығында сатып алуға және сатуға болады. Ал рубльдің бағамы 5,57–5,63 теңге шамасында.

Еске салсақ, 4 тамыздағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 471,98 теңгені құрап, 3,25 теңгеге төмендеген болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар