Биржада доллар бағасы күрт көтерілді

/
Биржада доллар бағасы күрт көтерілді
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 488,96 теңгені құрап, 2,45 теңгеге өсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 1 маусымға белгілеген ресми доллар бағамы – 485,95 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 489,05 теңге, ал сату бағамы 491,64 теңге болып отыр.

Астанадағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 485 теңгеден сатып алып, 492 теңгеден сатуда.

Шымкент қаласында долларды сатып алу бағамы орта есеппен 489,5 теңге болса, сату бағамы 491,59 теңгені құрайды.

Еске салсақ, күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша:

13 мамырда доллардың орташа өлшенген бағамы 3,44 теңгеге өсті;

14 мамырда 6,18 теңгеге өсті;

15 мамырда 3,87 теңгеге төмендеді;

18 мамырда 2,34 теңгеге төмендеді;

19 мамырда 4,24 теңгеге өсті;

20 мамырда 0,32 теңгеге төмендеді;

21 мамырда 0,54 теңгеге төмендеді;

22 мамырда 0,46 теңгеге төмендеді;

25 мамырда 1,42 теңгеге өсті;

26 мамырда 4,84 теңгеге өсті;

28 мамырда 7,54 теңгеге өсті;

29 мамырда 0,51 теңгеге өсті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар