Доллар бағасы бірден 7 теңгеге қымбаттады

/
Доллар бағасы бірден 7 теңгеге қымбаттады
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 485,55 теңгені құрап, 7,54 теңгеге өсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген 28 мамырдағы доллардың ресми бағамы – 477,48 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 481,39 теңге, ал сату бағамы 485,17 теңге болып отыр.

Астана қаласындағы айырбастау орындарында долларды орта есеппен 480,97 теңгеден сатып алып, 487,97 теңгеден сатып жатыр.

Ал Шымкент қаласында долларды сатып алу бағамы орта есеппен 483,43 теңге болса, сату бағамы 485,61 теңгені құрайды.

Еске салайық, 13 мамырдағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 3,44 теңгеге өсті. 14 мамырда 6,18 теңгеге көтерілді, 15 мамырда 3,87 теңгеге төмендеді, 18 мамырда 2,34 теңгеге арзандады, 19 мамырда 4,24 теңгеге қымбаттады, 20 мамырда 0,32 теңгеге төмендеді, 21 мамырда 0,54 теңгеге арзандады, 22 мамырда 0,46 теңгеге төмендеді, 25 мамырда 1,42 теңгеге өсті, ал 26 мамырда 4,84 теңгеге қымбаттады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар