Доллар бағасы 4 теңгеге қымбаттады

/
Доллар бағасы 4 теңгеге қымбаттады
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары нарығындағы сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 477,48 теңгені құрап, 4,84 теңгеге өсті. Қазақстан Ұлттық банкі 26 мамырға арналған ресми бағамды 472,48 теңге деңгейінде белгіледі.

Kurs.kz мәліметінше, Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды 471,99 теңгеден сатып алып, 479,01 теңгеден сатып жатыр. Еуроны 550,00 теңгеге сатып алып, 560,00 теңгеге сатуда. Ал рубльді 6,30 теңгеден сатып алып, 6,60 теңгеден өткізуде.

Алматы қаласында АҚШ валютасын орта есеппен 475,91 теңгеден сатып алып, 478,93 теңгеден сатуда. Еуро бағамы 552,27 – 557,90 теңге аралығында болса, рубль 6,36 – 6,49 теңге аралығында саудалануда.

Шымкент қаласындағы айырбастау орындарында долларды орта есеппен 478,24 теңгеден сатып алып, 480,80 теңгеден сатуда. Еуроны 550,94 – 557,81 теңге аралығында сатып алуға және сатуға болады. Ал рубль бағамы шамамен 6,40 – 6,48 теңге аралығында.

25 мамырдағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 472,48 теңгені құрап, 1,42 теңгеге көтерілген еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары