"Неге бізді тастап кетті?": Тәуекел Мүсілім марқұм әкесі жайлы жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

/
"Неге бізді тастап кетті?": Тәуекел Мүсілім марқұм әкесі жайлы жан сырын ақтарды (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Актер Тәуекел Мүсілім әкесіне қатысты ішкі өкініші мен сағынышын ашық айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі бұл туралы "Zamandas" подкастында сөз қозғаған. Оның айтуынша, әкесімен көзі тірісінде ашық сөйлесіп, көкейіндегі сұрақтарын қоюға мүмкіндігі болмаған.

"Әкем 2010 жылы өмірден өтті. Онымен шын мәнінде ашылып сөйлесе алмадым. Егер әкем қазір тірі болғанда, жанына барып, ұзақ әңгімелесер едім. Неге өзін солай ұстады, неге бізден алыстады, неге суық болды – осының бәрін сұрар едім. Әкемнің орны маған қатты білінді. Бұл кез келген ер бала үшін маңызды деп ойлаймын. Мен оның жанымда болғанын, қолдау көрсеткенін қаладым. Бірақ әкемнің қасымда болмауы арқылы баланың өмірінде әкенің орны қаншалықты маңызды екенін түсіндім", – деді актер.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар