Елорда Ұлы күнді қалай қарсы алды?

/
Елорда Ұлы күнді қалай қарсы алды?

Астанада көктемнің басты мерекесі  Наурыз мейрамына орай ауқымды мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Биыл елордада 200-ден астам түрлі бағыттағы іс-шара мен акция өткізу жоспарланған. Дәстүр бойынша «Наурызнама» онкүндігінің әр күні ұлттық құндылықтар мен белгілі бір тақырыпқа арналды.

Биылғы мерекенің басты ерекшелігі – цифрлық технологиялар мен жасанды ин­тел­лект құралдарының кеңінен қолданылуы. Қа­лада заманауи интерактивті алаңдар құ­ры­­лып, тұрғындар ұлттық дәстүрлер мен жаңа технологиялардың үйлесімін көре алды.
Наурызнама 14 наурызда Көрісу күні – Амал мерекесінен басталды. Бұл күні елор­да­ның түрлі алаңдарында ұлттық дәстүрлер жаң­ғыртылып, «Көрісу» рәсімдері ұйым­дас­ты­рылды. Достық үйінде өткен іс-шарада ақ­­­сақалдар мен аналар бата беріп, амандасу мә­дениетін насихаттады. Сонымен қатар ғы­лыми-этнографиялық конференциялар мен көрмелер өтті.
Сол күні «Ататүрік» саябағында ауқымды ме­ре­келік бағдарлама ұйымдастырылып, шы­­­ғармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Қа­ла тұрғындары үшін арнайы AI алаңдары жұ­мыс істеп, келушілер жасанды интеллект кө­мегімен ұлттық киімдегі фотосуреттер жа­сай алды. «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық ор­талығында Tartys Fest спорттық фестивалі өтіп, қатысушылар ұлттық ойындар мен AI-ға қарсы тоғызқұмалақтан бақ сынады.
14-15 наурыз күндері қалада Nauryz Sale азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылып, тұр­ғындар жергілікті өнімдерді тиімді ба­ға­мен сатып алды.
15 наурыз – Қайырымдылық күні аясын­да «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы өтіп, мұқтаж жандарға көмек көрсетілді. Сонымен қатар «Тілек ағашы» жобасы іске қосылып, ба­ла­лардың армандарын орындауға мүмкін­дік берілді. Қалада бірқатар қайырымдылық және әлеуметтік акциялар ұйымдастырылды.
16 наурыз – Мәдениет және ұлттық дәс­түр­лер күні түрлі концерттермен, көрме­лер­мен және театрландырылған қойылым­дар­мен ерекшеленді. Е.Рахмадиев атындағы фи­лармонияда мерекелік іс-шара өтіп, театр сах­наларында арнайы қойылымдар ұсыныл­ды. Білім беру ұйымдарында ұлттық құнды­лық­тарды дәріптейтін сабақтар мен шебер­лік сағаттары ұйымдастырылды.
17 наурыз – Шаңырақ күні отбасылық құн­дылықтарды насихаттауға арналды. Бұл күні жас отбасылар арасында жарыстар, флеш­мобтар және дәстүрлі рәсімдер өтті. Көп­балалы аналарға мемлекеттік наградалар табысталды.
18 наурыз – Ұлттық киім күні аясында қа­ла­да сән көрсетілімдері, көрмелер мен мә­дени іс-шаралар ұйымдастырылды. Тұр­ғын­дар ұлттық киім киіп, арнайы челлендж­ге қатысты. Театрландырылған бағдарлама­лар мен шығармашылық кештер көпшілікке ұсынылды.
19 наурыз – Жаңару күні. Кеше елордада та­залық, жаңару және экологиялық мә­де­ниетті қалыптастыруға бағытталған іс-ша­ралар өтті. Қала бойынша сенбіліктер ұйым­дас­тырылып, «Таза Қазақстан» акциясы ая­сын­да аулалар тазартылуда. Білім беру ұйым­дарында «Өзіңнен баста» челленджі бас­­та­лып, оқушылар экологиялық жауап­кер­ші­лікті насихаттауда. Сонымен қатар за­ма­науи технологиялар арқылы болашақ ма­ман­дықтармен таныстыру шаралары өтуде.
Алдағы күндері Наурыз мерекесі одан әрі жал­ғасады. Бүгін, 20 наурыз – Ұлттық спорт кү­ніне орай қалада ұлттық ойындардан жа­рыс­тар мен көрсетілімдер өтеді. Ат спорты ке­шендерінде дәстүрлі ойындар көрсетіліп, «Ұлы дала ойындары» спорттық эстафетасы ұйымдастырылады.
21 наурыз – Ынтымақ күні аясында Ас­та­наның басты алаңдарында үлкен кон­церт­тер мен мерекелік бағдарламалар ұсыны­ла­ды. Сонымен қатар роботтар мен заманауи тех­нологиялардың қатысуымен арнайы шоу көрсетілімдері ұйымдастырылады.
22 наурыз – Жаңа жылдың басталу күні. Бұл күні елорданың барлық ірі алаңдарында ауқымды концерттер, жәрмеңкелер мен ұлт­тық спорт түрлерінен жарыстар өтеді. Қала тұрғындары үшін мерекелік бағдарламалар таңертеңнен кешке дейін жалғасады.
Наурызнаманың қорытындысы 23 нау­рыз – Тазару күнімен аяқталады. Бұл күні қа­ла бойынша экологиялық акциялар өтіп, тұр­ғындар тазалық жұмыстарын жүргізеді. Со­нымен қатар елорда халықаралық «Жер са­ғаты» акциясына қосылып, табиғатты қор­­­ғауға бағытталған бастамаларды қол­дай­ды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары