Доллар биржада 482 теңгеден саудаланып жатыр

/
Доллар биржада 482 теңгеден саудаланып жатыр
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 482,32 теңгені құрап, 0,23 теңгеге төмендеді. Ұлттық банктің 19 наурызға белгіленген ресми бағамы — 482,49 теңге.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды 480,00 теңгеден сатып алып, 487,00 теңгеден сатады. Еуроны 550,45 теңгеден сатып алуға, ал 560,45 теңгеден сатуға болады. Рубль 5,51 теңгеден сатып алынып, 5,91 теңгеден сатылады.

Алматыда АҚШ валютасын орта есеппен 480,60 теңгеден сатып алып, 483,01 теңгеден сатады. Еуро 552,23 — 558,28 теңге аралығында саудалануда, ал рубль 5,62 — 5,85 теңге аралығында.

Шымкент қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 481,73 теңгеден сатып алып, 483,86 теңгеден сатады. Еуроны 551,82 — 558,14 теңге аралығында сатып алуға және сатуға болады, ал рубль шамамен 5,67 — 5,82 теңге аралығында.

18 наурыздағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 482,49 теңгені құрап, 3,2 теңгеге өскен еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары