Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың орташа өлшенген бағамы 479,02 теңгені құрап, 6,59 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 17 наурызға арналған ресми долларының бағамы 486,2 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 479,25 теңге, сату – 482,09 теңге. Астана қаласында долларды орта есеппен 476,1 теңгеден сатып алып, 483,1 теңгеден сатуда. Шымкент қаласында долларды орта есеппен 479,97 теңгеден сатып алып, 482,12 теңгеден сатуда.
Еске сала кетейік, 2 наурыз күнгі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 4,91 теңгеге өсті, 3 наурызда 3,54 теңгеге төмендеді, 4 наурызда 1,31 теңгеге өсті, 5 наурызда 6,13 теңгеге төмендеді, 6 наурызда 0,62 теңгеге өсті, 10 наурызда 2,25 теңгеге төмендеді, 11 наурызда 1,57 теңгеге төмендеді, 12 наурызда 2,06 теңгеге өсті, 13 наурызда 0,02 теңгеге төмендеді, 16 наурызда 4,49 теңгеге төмендеді.